З. Шүкіров өмірбаяны image

АРАЛДАН ШЫҚҚАН АЛЫП ЖАН: З.ШҮКІРОВТІҢ ӨМІРІ ЖАЙЛЫ

Ақын 1927 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Бөген кеңесінде дүниеге келген.Сегіз жасында қос аяқтан бірдей айырылған қаламгер, балалық шақтың ауыртпашылықтарына қарамастан ел қатарлы оқып,мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындауға ниет білдірді.Екі-ақ жыл мектепте оқығанына қарамастан,зерек жас өз бетімен білім алып жетілген.

1950 жылы З.Шүкіров көзі зақымданып, қос жанарының бірі мәңгіге сөнген. Өмір қиыншылықтарына ешқашан мойынсынбаған жазушы 4-5 жылдай шығарған өлеңдерін Қызылорда облыстық газетіне ұсынып,тәжірибе жинаған.1954 жылы А.Тоқмағанбетовтың қолдауымен Алматы қаласында өткен «жазушылар съезіне» қатысқан. 1967 жылы өз әріптестерінің қолдауымен Қызылорда қаласында 4 бөлмелі пәтер,мүгедектерге арналған жеңіл көлік беріліп,жәрдемақы тағайындалған.

Ақын шығармашылықтары мен еңбектеріне шолу жасар болсақ, жүректі сезімге бөлейтін «Ауруханада», «Операция столында», «Аңсау» сияқты өлеңдері оның ауыр дерті туралы жазылған.Өз сөзінде «Арал дегенде менің шығарда жаным бөлек» деген қаламгер шабытына айналған Арал теңізінің әсем айдыны «Теңіз жыры», «Арал дәптері»  жазбаларының жарыққа шығуына түрткі болған.Ғашықтық сезімнен туындаған «Нәзкенге», «Вагонда», «Неге,жаным,шығарып сала алмадың» сияқты өлеңдері мен «Биік шыңдарда қар жатады» прозасы жарық көрген.Одан бөлек «Жас жесір», «Қиын түйін», «Ізгілік іздер», «Ғажайып құмыра», «Сағыныш», «Алау» сияқты біршама туындылары бар.

З.Шүкіровтың жақын достарының айтуы бойынша, ол мектепте аз уақыт білім алғанына қарамастан, әріп, грамматикадан ешқашан қате жібермейтін, таным түбі философия мен логикаға толы, өте сауатты азамат болған екен.

Жазушы ақтық демі қалғанша қаламын қолдан тастамай, өмірін ақындық өнеріне арнап өткен.«Бір туған перзенті едім сүйікті елдің,өлген соң одан әрмен биіктермін» деп өлең жолдарында толғаған ақын 1979 жылы дүниеден озды.
ДАННЫЙ САЙТ БЫЛ СОЗДАН, ИСПОЛЬЗУЯ