Шынтасова Гүлзат Бурабайқызы

Жоба жетекшісі

Қызылорда қаласындағы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторы.

Жаханша Ақнұр Ғалымжанқызы

Жоба авторы

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.

Тұрмаханова Айгерім Мағауияқызы

Жоба авторы

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.

Кучербаева Жібек Еркінқызы

Жоба авторы

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы.

Ален Дина Райбекқызы

Жоба авторы

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы.

Жоба туралы

Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары

2020 жылдың қараша айынан бастап «Сырдың қайсар қаламгері» атты жобаны жүзеге асыруды бастады. Бұл порталда, біз, Сыр өңірінің ақыны, қайсар жазушысы, аудармашы, драматург З.Шүкіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы толыққанды ақпаратты жинақтадық. Мақсат – Аралдан шыққан қазақ елінің мақтанышы, өмірге құштар болған құрыш қазақтың шығармаларын насихаттау, өмірін қалың қауымға таныстыру және сол арқылы мотивациялық үндеу жариялау. Қаламгер шығармаларын, жеке өмірі жайында мәліметтерді, галлереясын т.б. электронды нұсқада көрсету және жаңаша көркемдеу. Жобада З. Шүкіровтың мұралары сандық форматта толыққанды жаңаша көрсетілімде жинақталып көрсетілетін болады. Негізгі әдебиеттер қатарын ақын еңбектері, оның музейіндегі мәліметтер, фото – видео медиақоры, мақалалар, хаттар, кітапхана мәліметтері және оқушылар шығармашылығының жұмыстары толықтырды.

ДАННЫЙ САЙТ БЫЛ СОЗДАН, ИСПОЛЬЗУЯ