З. Шүкіров шығармашылығы imageЗ. Шүкіров шығармашылығы image

Теңіз жыры
Шалқар теңіз,шуылдайсың,
Неге алмайсың сен тыным,
Асыр салып көкке атылып,ойнайды ерке толқының,
Көбік шашып күркірейді,соғып жартас төсіне,
Бұрқ-сарқ етіп құлап түсіп,қайта ұрады өшіге...
Онан сенің қайтпас қайсар қайратыңды көрем мен,
Асқақ үнді жыр іздесем күнде саған келем мен.
Тымық түнде тұңғиыққа қонақтаттың сен Айды,
Күміс күн де көкжиектен қимай саған қарайды.
Қандай көркем маужыраған жазғы сабат кешкі уақ,
Мүлгиді ойшыл жасыл жағаң,
Не тыңдайды жас құрақ?
Сыршыл жырдың бір шумағын таптым ба екен сонан мен,
Терең ойда толқып жалғаз тебіренгендей болам мен.
Қандай рахат толқында ойнап шайқалғаны кеменің,
Қиялыма қияға ұшар қанат берші деп едім.
Көкте ойнақтап шабақ қуған көл еркесі шағала,
Неге мәз боп сақ-сақ күліп шарқ ұрып жүр жағада?
Енді білдім,
Еркелікті үйреніппін сенен мен,
Әдемі жыр мазамды алса,
Әлі талай келем мен!...

                                                                                                      Толығырақ -->
ДАННЫЙ САЙТ БЫЛ СОЗДАН, ИСПОЛЬЗУЯ